FacebookTwitterVkontakteYoutube
Баннер
Баннер
Баннер
Баннер

Последние вопросы

светлана
Здравствуйте!, помогите разобраться с отказом Акимата города Астана в обращении касательно нарушений при эксплуатации торгового цента ЦУМ....раньше там была игровая комната для детей....а теперь игровой уголок...и этот уголок совсем не соответствует ...
15.10.2014
Сикош
Тұртаев калайсын
25.08.2014
Ростислав
здравствуйте! 14 марта 2014 года я в письменном заявлении обратился к руководству АО «Нурбанк», поскольку он является инициатором вынесения постановления о временном ограничении меня на выезд из Республики Казахстан, о инициировании со стороны АО «Н...
12.05.2014
ha
ххххххххххххххааааааааааа аааааааахаааааааааааааааа ааааааааааааааааааааааааа ааааахааааааааааааа
05.05.2014

Поиск по сайту

Авторизация

Қазақстан Республикасы Бас прокуроры Дауылбаев А.Қ. мырзаға
PDF Печать E-mail

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуроры

Дауылбаев А.Қ. мырзаға

 

 

Құрметті Асқат Қайзоллаұлы!

Сізге хат жазу себебім, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының «Мир Алишер Навои» атындағы өндірістік кооперативтің мүшелері атынан түскен өтінім болып отыр.

Өтінімге сәйкес «Мир Алишер Навои» атындағы өндірістік кооперативтің төрағасы М.Юлдашев 2009 жылдан бастап аудан әкімінің 28 желтоқсан 2001 жылғы № 1300 санды шешімі негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін 49 жылға берілген суармалы 27 гектар жерді заңсыз түрде бөлшектеп бөліп, 70% сатып, ал 30% халыққа жалға беріп отыр деген ақпар бар. Өндірістік коопертив төрағасының заңсыз әрекеттер туралы кооператив мүшелерінің арызы ауыл әкіміне, аудан әкіміне, аудан прокурорына, қаржы полиция мен облыстық жер инспекциясына берілген. Алайда мемлекеттік органдардың беретін жауабы бірін-біріне сілтеме жасаумен аякталады.

Бөлінген жерлерге үш тұрғын үйдің құрлысы басталған кезде өндірістік кооперативтің мүшелерінің арызына сәйкес, облыстық инспекция тексеру жүргізіп, үйлердің заңсың тұрғызылғанын анықтап кооператив төрағасы М. Юлдашевқа және үй салған азаматтарға айыппұл салып, заңсыздықтарды жою туралы нұсқама берген екен. Алайда қазіргі кезде заңзыздықтар жойылудың орнына тағы да 35 гектар суармалы гүлдеп тұрған алма бағы кесіліп, 25 тұрғын үй салынған. Заңсыздық бойынша кооператив төрағасы М. Юлдашев кооператив мүшелеріне «қай жерге жазсаңдарда  жаза беріңдер, маған түкте болмайды»  деп жауап береді екен.

Сондай-ақ, арызданушылардың ақпарына сәйкес өндірістік кооператив төрағасы 2008-2009 жылдар аралығында мемлекет тарапынан берілген 1 295 529 тенге соммасындағы субсидисы егілмеген жерлерді қосып жазып, заңсыз түрде алған деп жазып отыр. Осы заңбұзушылық бойынша кооператив мүшелерінің арыздары аяқсыз қалып жатыр.

Жер дауынан Қарабұлақ ауылында осы жылдың 28 наурызында екі азамат бірін-бірін атып өлтіргенін бәрі біледі. Ол жайлы 31 телеарнаның жаңалықтарынан көрсетілген болатын.

Осы негізінде Сізден арызда көрсетілген фактілерді тексеріп, осы фактілер анықталған жағдайда прокурорлық қадағалауды жүзеге асырып, жауабын арызданушы мен маған заңға сәйкес уақыт аралығында жазбаша түрде беруіңізді сұраймын.

Қосымша _­­­­__ бетте.

 

           Құрметпен,           

           Қазақстан Республикасы

           Мәжіліс Депутаты                                                                                                                                 А.Тұртаев




            Орын.: Садуакасов Б

              Тел.: 74 63 28